• 01.03.2021 07:05

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Алматы облысының шинкиокушинкай каратэ шеберлері қара белбеу иегері атанды

Byjetysuuser

Қаң 20, 2021

2020 жыл Жетісулық каратэшілер үшін табысты болды. Олар Қазақстан біріншілігінде 20-ға жуық медаль жеңіп алды. Бірқатарының спорттық санаттары жоғарылады. Мәселен, бүгін 1-ші және 2-ші дан иегері атанған 6 спортшыға қара белбеу ресми түрде табысталды.

Өткен жыл қортындысы бойынша, Шин киокушинкай каратэден жетісулық 5 спортшы 1-дан, 1-еуі 2-ші дан иегері атанды. Оларға Жапонияда арнайы әзірленіп жеткізілген қара белбеу салтнанатты түрде табысталды. Бұл тізімде Мәди Жанаділовте бар. Ол үздік нәтижеге 15 жыл бойы тынымсыз жаттығудың арқасында жеттім дейді. Ендігі мақсаты-шәкірт тәрбиелеп, жастарды спортқа баулу.

  

МӘДИ ЖАНӘДІЛОВ, ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

Еркежан Есімжановаға спорт шеберіне үміткер сертификаты табысталды. Ол 4 жылдан бері шинкионкушинкай каратэ спортын серік етіп келеді. Түрлі деңгейде өткен жарыстарда жүлдегер болды. Енді қазақстан чемпоны болып, әдемдік аренада бағымды сынасам дейді 20 жастағы бойжеткен.

ЕРКЕЖАН ЕСІМЖАНОВА, ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

Жетісулық шығыс жекпе-жек өнерінің шеберлері былтыр қыста өткен Қазақстан біріншілігінде жақсы дайындық деңгейін көрсете білді. Командалық есепте жүлдегер болды. Биылда жоғары нәтижеден түспеуді көздеп отыр.

ЗАЙНА БЕТИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Қара белбеуді каратэмен 1 немесе 2 жыл дайындалған адам алып кете алмайды. Оған қол жеткізу үшін, кемдегенде 7 жыл тынымсыз еңбек ету қажет. Сонда ғана аңсаған арманың орындалады. Біз биыл алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Бүгін қара белбеуге ие болғандар әлем және халықаралық түрлерлерде намысты қолдан бермейтініне сенімдіміз.

Жетісулық шығыс жекпе-жек өнерінің өрендері ақпан айының аяғында болатын Қазақстан чемпионатында бақ сынауды көздейді. Артынша 2 әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Азия мен Еуропа біріншілігінде өнер көрсету де күн тәртібіне енген.

Related Post

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған