• 28.11.2021 11:34

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Алматы облысының спортшылары 2020 жылы 292 алтын медаль жеңіп алды

Byjetysuuser

Нау 3, 2021

Жетісулық спортшылар 2020 жылды табысты аяқтады. Түрлі деңгейдегі жарыстардан 1000-ға жуық медаль жеңіп алды. Оның 292-сі алтын. Жалпы есепте жерлестеріміз республика бойынша көш бастап тұр. Жуырда Талдықорғанда салтанатты жиын өтіп, сала озаттары марапатталды.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов спортшыларға үнемі қолдау көрсетеді. Дайындығын назарда ұстап, жарыстарға жол машақатын көрмей жетуге жағдай жасап отырады. Биыл өңірдегі аудан-қалалық спорт мектептеріне сужаңа 19 микроавтобус таратты. Сонымен қатар, велошабандоздарға 8 жеңіл автокөлік берілді. Амандық Ғаббасұлы тіз қатар тұрған темір тұлпарларды арнайы келіп қарады

САМАТ САПАЖАНОВ
А.КИВИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ВЕЛОСПОРТТАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ ДИРЕКТОРЫ
Амандық Ғаббасұлына үлкен рахмет айтамын. Облыс әкімінің қолдауының арқасында біздің велоспорт мектебі көлікті болған жайы бар. Халықаралық жарыстардан жүлдемен оралған атлетерді де ақшалай сыйлықпен марапаттап отырады.Спорттағы жеңістің қалай келетіндігін түсінетін адам ғана осылай көмектеседі. Велошабандоздар өздеріне артылған сенімін ақтайды деп айта алам.

Мерекелік жиын салтанат сарайында жалғасын тапты. Шара барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жылдық жұмысты қорытындылап, жаңа жоспарларымен бөлісті. Былтыр жерлестеріміз дүниежүзілік жарыстарда үздік нәтижелерге қол жеткізіп, көк туымызды биікте желбіретті. Олардың 20-сы халықаралық дәрежедегі және 124 спорт шебері атанды. Мұның барлығы сала дамуына жасалған жергілікті биліктің қамқорлығының арқасы.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Короноіндет кедергісін келтірмегенде аталған көрсеткіш 2-3 есеге дейін артары анық еді- дейді сарапшылар. Пандемияның салдарынан көптеген жарыстар кейінге шегеріліп, Токио олимпиадасы биыл жазда өтетін болды. Амандық Баталов Жапониядағы жазғы ойындарға жолдама алған спортшылардың жетістігін атады. Айта кетейік жерлестеріміздің қоржынында әзірге 8 лицензия бар. Грек-рим күресінен Асхат Ділмұхамедов 77 келі салмақ дәрежесінде жолдамаға ие болды. Спорттық жүрістен Айман Ратова Түркияда өткен халықаралық турнирде Олимпиадалық нормативті орындады. Зілтемірші Зүлфия Чиншанло Токиода ел намысын қорғайтын болады. Велоспортшы Сергей Панамарев та дүбірлі додада бақ сынамақ. Сонымен қатар құралайды көзге атқан мергендеріміз Ильфат Абдуллин, Денис Ганкин, Санжар Мұсаев командалық және жекелей сын бойынша лиценжияны еншілеп отыр.

НЫҒМАТУЛЛА САЙДИЕВ
САДАҚТАН АТУДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Қазір садақтан атушыларымыз Түрістан облысында оқу жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Наурызда Қазақстан біріншілігіне қатысады. Сәуір айында Азия кубогында жарысқа түседі.Одан кейін әлем кубогы үшін болатын бәсекеде бақтарын сынайды.Бұл жарыстар Олимпиада алдындағы тәжірибе жинау сайысы болмақ. Токиода мергендеріміздің жүлдегер болуы әбден мүмкін.

Алдағы уақытта тағы 4 Олимпиада жолдамасын ұтып алу жоспарланған. Биыл облысымыздың Жетісу әйелдер волейбол командасы ел біріншілігінде алдына жан салмай келеді. Қазақстанның 8 мәрте чемпионы мен куборгының иегері осы маусымда да бас жүлдені жеңіп алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Дзюдошылармен , боксшылар және шығыс жекпе-жек өнерінің өрендері де елішілік бәсекемен жаһандық жарыста намысты қолдан бермейміз дейді. Көгалдағы хоккейшілерімізде Азия біріншілігінде барлымызды саламыз деп отыр.

ВИКТОРИЯ ЛОБАНОВА
КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ

Биылғы жылы ережесіз жекпе-жек өнері мен кәсіпқой боксшыларда ел назарында болды. Солардың бірі Жанқош Тұраров. Белгілі былғары қолғап шебері рингте 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның ішінде 17 қарсыласын накаудпен ұтқан.Жанқош жыл соңына дейін 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ
КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ

Спортшылардың бұл үздік нәтижесі мамандар, өңірдегі спорт кешендерінің қол жетімді болуымен байланыстырады. Қазіргі күні облыс көлемінде жалпы саны 3,5 мың нан аса спорттық құрылым халыққа тегін қызмет көрсетеді.11 дене шынықтыру, сауықтыру кешені қолданысқа берілді.Тағы 5-еуінің құрлысы жүріп жатыр.Сонымен қатар Талдықорғанда Олимпиадалық стандартқа сай бой көтерген Бассейннің құрлысы да наурыз айында аяқталмақ. Облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен жүзден аса спортшыға айлық ақы төленіп келеді

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Келелі кездесуде ел абыройын арттырып жүрген үздіктерге облыс әкімі жылы лебізін білдірді. Барлығына сый-құрмет көрсетіп, алғыс хатпен марапаттады. Елді саламатты өмір салтын ұстануға шақырып, бұқаралық спортты дамытуға атсалысқан тілшілер қауымы да назардан тыс қалған жоқ. Оларға да ақшалай сертификаттар табыс етілді. Мерекелік жиын әр қатысушының көңіліне жылу сыйлап, қанаттандырағы анық. Спортшылардың биылғы басты жоспары Азия, әлем, Олимпида ойынщарына қатысып, жүлдеге қол жеткізу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған