• 03.08.2021 20:27

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Қазақ күресінен жетісулық балуандар бабына енді

Byjetysuuser

Қаң 20, 2021

Қазақ күресінен Алматы облысының жастар құрама командасы биыл 5 ірі жарысқа қатысуды жоспарлап отыр. Алғашқысы наурыз айында өтетін Қазақстан чемпионаты. Ел біріншілігіне бел буған жетісулық балуандардың басты мақсаты – командалық есепте бірінші орыннан көріну.

Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген балуандар күніне 1 жарым сағаттан екі уақыт дайындалады. Бұл тізімде Ербол Алдухан бар. Қазақ күресімен 15 жылдан бері тұрақты айналысады. Осы уақыт аралығында Ел біріншілігінде топ жарып, Азия чемпионы болды. Биылда республикалық жарыста үздік атануды көздеп отыр. Айта кетейік Ербол самбо күресінде жақсы меңгерген. Құрлықтық доданың жеңімпазы.

ЕРБОЛ АЛДУХАН,
САМБО ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

Қазақ күресінен салмақты әлі асуыстырған жоқпын. 55 кг да күресем ҚР чемпионатында. Самбо күресінен өзгерістер болды салмақта. Өйткені, Самбо Азия ойындарына кірді. Болашақта Олимпидаға кіргізеді деп жатыр. Бұрын Самбо күресі бойынша жарыстарда 52 кг. да күрескем. Биыл 52 кг. алыптастады. 58кг. қойды. Сондықтан 58 кг күресем.

Балуандар боз кілемде күш қарымын сынап қана қоймай, арасында зілтемір көтеріп, бұлшық ет қыздырады. Осы жаттығуда атлеттер үшін аса маңызды. Содықтан дайындық кестесінде міндеттелген. Бас бапкер Тимур Абыханов, спортшылардың әрбір жаттығуды сауатты орындауына мән береді. Ол, шәкірттерінің ел біріншілігінде намысты қолдан бермесіне шүбә келтірмейді.

Тимур Абыханов

ТИМУР АБЫХАНОВ,
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Таңертең кешке, екі уақыттық тренеровка өткізіп жатырмыз. Балалар спорттық бабынан шығып кетпес үшін, оқу-жаттығу жиынын жасап, дайындалып жатырмыз. Болашақта карантин бітсе, балалар дайын болып тұрады жарысқа. Наурызғағы жарысқа балалар дайындалып жатыр.

Жаттықтырушылар Ықылас Әлсейітті тума талант дейді. 10 жасынан бері күреспен әуестенеді. Түрлі деңгейде өткен жарыстарда топ жарды. залықаралық турнирлерден жүлдесіз қайтып көрген емес. Ол наурызда жалауы желбірейтін ел біріншілігінде алтын медальдан үміт керлер тізіміне енген

Ықылас Әлсейіт

ЫҚЫЛАС ӘЛСЕЙІТ,
ДЗЮДО ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

Бірінші дзюдо күресінен бастадым. Қазір қазақ күресімен дзюдоны бірге алып жүрмін. Дзюдо күресінен азия кубогінің жеңімпазы болдым. қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атандым. Жасым 18-де. 8 жыл болды күресті батағаныма. Мақсатым-Олимпиада жеңімпазы болу

Ел біріншілігі наурыз айында 8 салмақ дәрежесі бойынша өтеді деп жоспасранған. Әзірге ұйымдастырылатын орыны бекітілмеген. Дегенмен жарыс жалауын көтерегенде жетісулық балуандар толық дайын болары анық дейді мамандар

Авторы: Жарқын Нұрланұлы

Related Post

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған