• 17.09.2021 21:27

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Қазақстанның Шинкиокушинкай каратэ шеберлері Текеліде бас қосты

Byjetysuuser

Нау 3, 2021

Текелі қаласында каратэ Шинкиокушинкайдан Қазақстан чемпионаты өтті.Оған еліміздің әр өңірінен 380 спортшы қатысты. Шығыс жекпе-жек өнерінің шеберлері 3 жас ерекшелігі бойынша өзара 3 топта өнер көрсетті. Атлеттер татамиде барын салды. Өйткені, жеңіске жеткендер ел құрамасы сапына алынып, әлем біріншілігіне қатысатын болады.

Тұмса табиғат аясында орналасқан Текелі қаласына саяхатшылардан бөлек, спортшыларда жиі келеді. Өйткені, мұнда түрлі деңгейдегі жарыстар мен жаттығу жиындарын өткізуге барлық жағдай жасалған. Бұл жолы еліміздің үздік деген Шинкиокушинкай каратэ шеберлері бас қосты. Олар екі күн бойы кіл мықтыны анықтады.

БОЛАТ БАҚТАЕВ, ҚР ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

Сәния Қалиахметова бұл жарыста 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол былтыр жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Биыл да бабында болды. Текелі қаласының тумасы жанкүйерлері алдында намысты қолдан берген жоқ. Ол биыл республикалық және халықаралық турнирлерге де қатысуды жоспарлап отыр

СӘНИЯ ҚАЛИАХМЕТОВА, ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН СПОРТ ШЕБЕРІ

Жарыстың бірінші күнінен бастап, бас жүлде үшін негізгі тартыс Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы сонымен қатар, Жетісу өңірінің өрендері арасында өтті. Жерлестеріміз, аянып қалған жоқ. Барлығының мақсаты, туған өлкесінде жүлдегер болып, әлем чемпионатының жолдамасын жеңіп алу. Айта кетейік, біріншілікте бас бәйгені жеңіп алғандар спорт шебері және осы ақтаққа үміткер атанады.

ЗАЙНА БЕТРИОВА, ОБЛЫСТЫҚ ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Бұл жарыс алдында облыс құрамасы кеңейтілген оқу-жаттығу жиынын өткізген жоқ. Санитарлық ережені сақтадық. Сондықтан әр жаттықтырушы өз шәкірттерін залдарында жеке – жеке дайындады. Бұл жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спортышларымыз өзгдеріне артылған сенімді ақтады.

Бұл жарыста 92 медаль жиынтығы сарапқа салынды. 32 түрлі салмақ бойынша жеңімпаз анықталды. Екі күнге созылған бәсекеде Алматы облысының ұжымы 3 алтын, 3 күміс және 6 қола жүлде жеңіп алып, командалық есепте үздік үштікті құрады. Осы біріншілікте каратэден еліміздің жаңа құрамасы жасақталды. Олар енді оқу-жаттығу жиынын өткізгенсоң әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ. Дүбірлі дода Чехияда жалауын желбіретпек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған