• 08.05.2021 10:34

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Биыл Қазақстанда тұңғыш рет ашық суда жүзуден «ОушенМЕН» халықаралық жарысы өтеді.

Byjetysuuser

Қаң 20, 2021

Айтулы турнир Қапшағай су қоймасында ұйымдастырылмақ. Оған әлемдегі үздік деген суға жүзушілер жиналады. Байрақты бәсеке бұған дейін Италия, Малайзия, Мексика Түркия елдерінде өткізіліп келген еді. Дүбірлі додаға жергілікті спортшыларда толық қатысу құқына ие болып отыр. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

OCEANMAN — ашық суда ұйымдастырылатын турнир. Бұл жарыс 2015 жылдан бері әлемдік деңгейде өтіп келеді. Осы уақытта оған халықаралық дәрежедегі спортшыларда көптеп қатыса бастады.Сонымен қатар кәсіпқойлардан бөлек, 12 жастан асқан әуесқойларғада рұхсат берілген. Жарыс бағдарламасы бойынша балалар 800 метр қашықтықта мықтыларын анықтайтын болады. Ал, ерлермен әйелдер 1,5км, 5, және 10шақырымдық бәсекеде, шеберлігін сынайды.

Бұл жарысқа Жетісу өңірінің спортшылары да қатысуға бел байлап отыр. Олардың қатарында Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлері жетерлік. Мамандар жерлестеріміздің топ жаратындығына сенімді. Өйткені, Жетісулық спортшылар тек бассенде ғана емес, ашық суда өткен Республикалық бәселелерде де үздік шыққан. Қазіргі бабы да жаман емес.

Дәурен Ысқақов

ДӘУРЕН ЫСҚАҚОВ, СУДА ЖҮЗУДЕН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Оушенмен жарысы шілденің аяғында жалауын көтереді. Оған қатысушылардың өтінімі қаңтардың 17 күнінен басталады. Сарапшылардың пікірінше, іс-шара спортшылардың ғана емес, туристердің де назарын аударады. Осылайша шетелдік саяхатшылар Алматы облысының басқа да туристік нысандарын арналуына мүмкіндік туады. Егер әлемдегі эпит жағдай тұрақталса, турнирде өнер көрсетушілер саны 200 ден асады деп күтіліп отыр.

Related Post

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған