• 28.11.2021 11:43

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Бокстан Талдықорған қаласының ашық чемпионаты өтті

Byjetysuuser

Нау 3, 2021

Бокстан жасөспірімдер арасында Талдықорған қаласының ашық турнирі өтті. Оған Алматы қаласымен Жетісу өңірінің 70-тен аса балғын былғары қолғап шеберлері қатысты. Олар 10 түрлі салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасып, чемпионды анықтады.

Үздік өнерімен мамандар көзіне түскен жас бокстышардың бірі Рамазан Әбсейітов. Ол 52 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Алдын ала кездесулерінің барлығын ұтқан Рамазан финалда Көксу ауданының өрені Қамбар Тұрармен қолғап түйістірді. Шиеленісті жағдайда өткен шешуші сында Алматылық атлет, жеңісті жұлдып алды.

РАМАЗАН ӘБСЕЙІТОВ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Қала ашық турниріне қатысқан боксшылар жас ерекшелігі бойынша 2 топқа бөлінген. Олар Рингте жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салды. Нәтижесінде, Ескелді, Көксу аудандарымен Талдықорған, Алматы қаласының былғыры қолғап шеберлері үздіктер қатарынан көрінді. Мамандар жылдан -жылға Жетісу өңірініңде бокстың деңгейі өсіп келе жатқанын айтады.

ЕРМЕК СҮЙЕНІШ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубок және медальдермен марапатталды. Сонымен қатар бағалы сыйлықтар табысталды. Олар енді, көктем айларында өтетін Республикалық турнирлерге қатысып, шеберлігін сынауды жоспарлап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған