Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары дайындықты бастап кетті. Грек-рим стилінде күресетін жас балуандар ақпан айында екі жарысқа қатыспақ. Біріншісі – өңірлік бәсеке болса, екіншісі – Қазақстан біріншілігі. Жерлестеріміз екеуінде де командалық есепте топ жарсақ дейді.

Әлихан Далабайдың болашағына мамандар үлкен сенім артып отыр. Ол, 8 жасынан бері грек-рим күресімен айыналысады. Балуандық өнерді серік еткеніне 9 жыл болды. Жасөспірімдер арасында 2 рет Азия чемпионы атанып, халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды. Ол биылда ел біріншілігінде үздік шығуды көздеп отыр.
ӘЛИХАН ДАЛАБАЙ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:
Амангелді Қалибай, биыл 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Облыс біріншілігінде алтын медальдан басты үміткер. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатында да жүлдегер болуды мақсат еткен.
АМАНГЕЛДІ ҚАЛИБАЙ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:
Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 14 балуаны күніне екі рет дайындалады. Олар боз кілемде күш қарымын сынап, шеберлігін жетілдіру үстінде. Жерлестеріміз командалық есепте үздік шығуды жоспарлап қойыпты.
АЙДЫН НҰҒЫМАНОВ, ОРОММИК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
Айта кетейік, спортшылар ақпанның 2-4 күндері Талғарда жасөспірімдер арасында өтетін Облыс біріншілігіне қатысады. Одан 20 күннен кейін Щучинск қаласында жалауы желбірейтін Қазақстан біріншілігінде мықтыларын анықтайтын болады.