• 08.05.2021 09:23

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Жарқсы дайындық жеңіс кепілі!

Byjetysuuser

Қаң 15, 2021

Бокстан Алматы облысының жастар құрама командасы Қазақстан чемпионатына қызу дайындылып жатыр. Кеңейтілген оқу-жаттығу жиыны Талдықорғанда ұйымдастырылған.  Ел біріншілігі қаңтардың 18-24 күндері Алматы қаласында жалауын желбіретпек,-деп жазады Jetysusport.kz тілшісі:

Жетісулық жастар құрама командасына 20-ға жуық боксшы алынған. Олардың барлығы Қазақстан чемпионатымен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары. Қазір былғары қолғап шеберлері ел біріншілігі алдындағы соңғы дайындығын пысықтап, шеберлігін шыңдап жатыр. Мамандар ел біріншілігінде Кенже Мұратұлына ерекше сенім артып отыр. 49 келі салмақ дәрежесінде екі рет қатарынан ел чемпионы атанды. Биылда бас жүлдені жеңіп алуды мақсат еткен.

КЕНЖЕ МҰРАТҰЛЫ

КЕНЖЕ МҰРАТҰЛЫ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ: 

«Қазір көбінесе, техникалық – физикалық дайындыққа көңіл бөліп жатырмын. Жүгіріп өкпемді ашудамын. Шыдамды болуға тырысам. мен бірінші нөмірде жұмыс істеймін. Сүйікті соққыларым ол кеуде тұсына соққы жұмсау. Бәрі ойдағыдай болса чемпион болымыз.»

Облыс құрамасы 15 – 17 жас араклығындағы боксшылармен жасақталған. Ел біріншілігінде командалық есепте жүлдегер болу жоспарға қойылыпты. Ол былғары қолғап шеберлеріміздің қолынан келеді дейді бас жаттығырушы Серік Шоқпытов. Өйткені, жерлестеріміз қазір нағыз бабында. Қазақстан чемпионатында жолығатын қарсыластарында танып алған.   

СЕРІК ШОҚПЫТОВ, БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: 

«Мұратұлына сосын Ахметов Қарқұлда бар, Қазақстан чемпионы. Сосын Асланов бар, Беделханұлы барлығы бабында. Жастарды қостық. Жосар Қазақстан құрамасына кіріп, Азия чемпионаты, Әлем біріншілігіне қатысу.»

Нұржан Амангелді былтыр өткен ел біріншілігінде жүлдегер атанды. Техникалық шеберлігімен көзге түскен жас атлет, биыл әлем біріншілігінде Қазақстан намысын қорғайтын болады. Жаһандық жарыс көктемде Польшада ұйымдастырылады деп жоспарланған. Қазір ол, крос, джеп,  хук және свинг сияқты соққыларды сауатты орындап, шеберлігін жетілдіріп жатыр.   

НҰРЖАН АМАНГЕЛДІ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Қазіргі таңда жаттықтырушылардың қойып берген тапсырмаларын орындап жатырмын. Қарсыластарымы менен физикалық жағынан мықты болса, қашып жүріп екінші номерда жұмыс істеймін. Менен биік болып, техникалық жағынан мықты болса, мен прессингта, қуып жүріп ұрам.»

Жас боксшылар күніне екі рет 1 жарым сағаттан дайындық жүргізіп жатыр. Қаңтардың17 күні алматыға аттанады. 12 түрлі салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңда қүш қарымын сынайтын болады. Бапкерлер спортшыларымыздың намысты  қолдан беремесіне кәміл сенімді. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған