• 01.03.2021 07:46

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Мәнерлеп сырғанаушылар нағыз бабында

Byjetysuuser

Қаң 26, 2021

Жетісулық мәнерлеп сырғанаушылар Қазақстан кубогы үшін өтетін кезеңдік жарыстарға дайындалып жатыр. Алғашқысы ақпан айында өтеді. Жерлестеріміз Алматы қаласындағы «Алматы арена» спорт сарайының мұз айдынында жаттығу өткізуде. Республикалық жарысқа өңірімізден 5 спортшы қатысады.


Мадияр Уахит алғаш 4 жасында аяғына коньки байлапты. Содан бері осы спорт түрін серік етіп келеді. 17 жастағы бозбала қазір мұз үстіне төселіп, мәнерлеп сырғанаудың шеберіне айналған. Ол Қазақстан кубогында үздік үштік қатарынан көрінуді көздейді. Оған шамам жетеді дейді жас өрен. Мадияр бұған дейін республикалық жарыстар мен халықаралық турнирде жүлдегер атанған.

Мадияр Уахит

МАДИЯР УАХИТ
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР

Менің мақсатым, спорт бешері болу. Жақында Қазақстан кубогы үшін жарыс өтеді. Соған дайындалып жатырмын. Сол жарыста санаттық дәрежемді көтеремін деген ойдамын.

Болашағынан зор үміт күттіретін спортшының тағы бірі Елисей Волков. Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы. Биыл да сол нәтижемді қайталап, халықаралық турнирде топ жарсам,- дейді. Қазір мәнерлеп сырғанау элементтерін сауатты орындайды. Тіпті күрделі жаттығуларды нақышына келтіре жасайды. Волков қандай жағдай болмасын дайындықтан қалып көрмепті.

Елисей Волков

ЕЛИСЕЙ ВОЛКОВ
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

Басты қарсыластарым Елордалық спортшылар мен Шымкенттік және Қарағанды облысының мәнерлеп сырғанаушылары. Мен мақсатыма жету үшін үнемі мұз айдынында дайындаламын.


Мамандардың айтуынша мәнерлеп сырғанау өнерінің бақыты тек тынымсыз еңбек еткен адамға ғана басын иеді. Өйткені, әуен ырғағымен үйлесе билеп, күрделі жаттығуларды мұз үстінде орындау екінің бірінің қолынан келмейді дейді мамандар. Сондықтан спорт шеберін шығару үшін кем дегенде 7-8 жыл керек. Бұл бапкерлер пікірі.

САЛИМ ХАЙДАРОВ
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Жаттығу жақсы жүріп жатыр. Ең бастысы спортшылар сапалы құйылған мұз айдынында конькимен сырғанап, шеберлігін шыңдауда. Шәкірттерімнің барлығы ел біріншілігінде жүлдегер атануға лайық. Айта кетер бір мәселе мына мұз айдыны облысқа қарамайды, Алматы қаласынікі. Сондықтан болашақта өз өңірімізде арнаулы мұз айтыны салынып, бізге берілсе екен дейміз

Қазіргі күні Облыстық спорт басқармасы Алматы қаласындағы қысқы спортқа арналған орталықтармен келісім жасасқан. Осы бойынша Жетісулық атлеттер бұл кешендерде тегін жаттығады. Өңір басшылығы өкілдерінің айтуынша алдағы жылдары Алматы облысында да мұз айдыны ғимаратын салу жоспарланып қойған.

Авторы: Жарқын Нұрланұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған