• 08.05.2021 10:37

JETYSUSPORT.KZ

СПОРТИВНО-ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ СПОРТСМЕНОВ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Волейболдан жетісулық ерлер құрама командасы ҚР жоғары лигасының 3-ші турына дайындалып жатыр.

Автор:jetysuuser

Фев 15, 2021

Волейболдан Алматы облысының ерлер құрама командасы биыл Қазақстан чемпионатының жоғары лигасында ойнайды. Жерлестеріміз қазір ел біріншілігінің 3-ші турына дайындалып жатыр. Жарыс ақпан айының 20 күні Орал қаласында жалауын желбіретпек.

Марлен Айтжанов волейболмен тұрақты түрде айналысқанына 10 жылдан асты. Осы уақытқа дейін жастар арасында бірнеше мәрте ел чемпионы болды. Спартакиада жеңімпазы атынды. Қазір жетісу өңірі құрамасының белді ойншысы. Марлен биыл да Қазақстан біріншілігінің жоғары лигасында топ жаруға барымызды саламыз дейді

МАРЛЕН АЙТЖАНОВ
ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ

Команда мүшелерінің барлығы Алматы облысының балалары. Сырттан ешкім жоқ.

Ел біріншілігінің жоғары лигасында 9 волейбол ұжымы өнер көрсетеді. Жерлестеріміздің негізгі қарсыластары, Шымкент қаласымен Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облысының командалары. 2 тур қортындысы бойынша Жетісулықтар әзірге 3-ші орынға жайғасқан. Кезекті кезеңде олардың жеңске жетуіне барлық мүмкіндігі бар.

СЕРГЕЙ САФРОНОВ
ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЕРЛЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Қазір техникалық шеберлігімізді шыңдауға арналған жаттығуларды өткізіп жатырмыз. Келер аптадан бастап, жаңа ойын жүресін құрып, шабуыл мен қорғаныс бойынша тәжірибе жинаймыз. Жігіттер қазір спорттық бабына келді. Олардың бірінші орын алуға толық шамасы келеді.

Жетісулық волейболшылар сапындағы 6 ойыншы еліміздің жастар құрама командасының мүшелері. Биылғы маусымда жерлестеріміз топ жарар болса, олардың саны артары сөзсіз дейді бапкерлер. Спортшылардың алаңсыз дайындалуына барлық жағдай жасалған. Жаттығу жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *