• 03.08.2021 20:21

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Шыңғы спортынан «Шығыс еуропа құрлықтық кубогы» жарысы өтті

Byjetysuuser

Ақп 18, 2021

«Алатау» қысқы спорт базасында шаңғымен жүгіруден «Шығыс Еуропа құрлықтық кубогы» жарысы өтті. Оған 5 елден 100-ге жуық атлет қатысып жатыр. Дүбірлі дода Әлем чемпионаты мен кубогына жолдама беретін 10 кезеңнің соңғысы. Яғни, лицензия ала алмаған спортшылар үшін бұл ақырғы мүмкіндік.


Алматы облысында жалауы желбіреген «Шығыс Еуропа құрлықтық кубогы» 3 жарыс бағдарламасынан тұрады. Алғашқысы спринт бәсекесі. Бұл сайысқа негізінен ұшқыр шаңғышылар қатысады. Әйелдер 1100, ерлер 1600 метр қашықтық бойынша мықтыларын анықтады.

АНДРЕЙ НЕВЗОРОВ
ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
«Шығыс еуропа құрлықтық кубогы» 10 кезеңнен тұрады. Оның 7-еуі Ресейде өтті. Одан кейін Украинамен Беларусьта жалғасты. Енді міне Қазақстан да қорытындыланбақ. Бұл жарыстың жүлдегерлері әлем және халықаралық додаларға қатысу құқына ие болады. Командалар жақсы дайындықпен келген. Спортық кешенде барлық стандартарға сай.

Халықаралық турнирге Қазақстан құрамасы жақсы дайындалып келіпті. Еліміздің бас командасына енген Жетісулық спортшылары да ел намысын лайықты қорғап жатыр. Спринт бәсекесінде 3 жерлесіміз шеберлігін сынады. Барлығы 18-19 жастағы өрендер. Олар Тәжірибелі ресейлік спортшылармен терезесі тең өнер көрсете білді.

ҚАЙНИКАМАЛ ДҮЙСЕНОВА
ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Еламан Құмарбек, биыл 18 жаста. Ол шаңғымен жүгіруден жастар арасында ел чемпионы. Турнирдің 15 және 30 шақырымдық бағдарламасында жүлдегер атануды көздеп отыр.Оның болашағына мамандар үлкен сенім артады.

ЕЛАМАН ҚҰМАРБЕК
ШАҢҒЫМЕН ЖҮГІРУДЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР

Құрлықтық бәсекеде командалық бас жүлдеден негізгі үміткер ұжым Ресей құрамасы. Солтүстік көршілеріміз спринт бағдарламасы яғни қысқа қашықтық бойынша алдарына жан салмады. Халықаралық дәрежедегі спортшылармен жасақталған ресейліктерлің дені Татарстан автономиялық республикасының өкілдері.

АЛЕКСАНДР ЗАВЕЛОВ
ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ТАТАРСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ \РЕСЕЙ\
Біздің мақсатымыз әр жарыс қашықтығында жеңіске жетіп, әлем кубогына жолдама алу. Көптеген қиындықтарға қарамастан шаңғышылар спорттық бабын жоғалтқан жоқ. Осының арқасында нәтиже де көңіл қуантарлық.

Сайыс қорытындысы бойынша Ресей құрамасы командалық бас жүлдені иеленді. Қазақстандықтар екінші орын алса, Беларусь елінің шаңғышылары үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары ақпан айының аяғында Греманияда жалауы желбірейтін әлем чемпионатына жолдамаға ие болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған