• 01.03.2021 06:40

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Талдықорғандық жас самбошылар Алматы облысы чемпионатына дайындылып жатыр

Byjetysuuser

Қаң 20, 2021

Талдықорғандық самбошы жасөспірімдер өңірлік біріншілікке дайындалып жатыр. Алматы облысының чемпионаты наурыз айында өтеді деп жоспарланған. Ол жарыс балғын балуандар үшін маңызды. Өйткені, жеңіске жеткендері мамырда Қазақстан чемпионатына жолдама алады.

Көрініс

Гауһар Қанатбектің жасы 14-те. Самбомен тұрақты түрде айналысқанына 2 жыл болды. Қазір күрестің әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеріп алған. Әсіресе, жамбас, иықтан асыра лақтыруды тамаша орындайды.

  lbr

ГАУҺАР ҚАНАТБЕК
САМБОШЫ:
Самбо қызық спорт деп айтуға болады. Басқа спорттардан қарағанда
самбо жаныма жақын.Өзін қорғауға мүмкіндіктер көп болады.

Жас балуандардың барлығы самбо күресін 2 жылдан бері серік етіп келеді. Былтыр елдегі пандемияға байланысты еш бір жарысқа қатыса алмады. Сондықтан наурыз айында өтетін облыс біріншілігі жас балуандар үшін алғашқы ірі бәсекесі болмақ.

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ
САМБОДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
Ділдәш Құрышбаева, Жинара Жұмабаева, Ербол Алдухан солардың ізінбасарлары. Келешекте Қазақстан чемпионы, Азия чемпиондары солардың резервтерін дайындап, 2 жыл болды ізбасарлар дайындап жатырмыз.Талдықорған қаласының мектеп оқушылары. 6-7 оқиды

Мамандардың айтуынша болашақта Алматы облысы құрамасында лайықты өнер көрсететін ізбасарлар өсіп келеді. Бабымен бағы қатар шапса биылғы жоспарланған түрлі деңгейдігі жарыстарда топ жарары созсіз дейді бапкерлер.

Related Post

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған