• 28.11.2021 11:37

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Жекпе-жек сайысынан ҚР чемпионаты өтті.

Byjetysuuser

Нау 3, 2021

Талдықорғанда Жекепе-жек сайысынан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Өзара 3 топқа бөлініп, 7 түрлі салмақ бойынша мықтыларын анықтады.

Еліміздің жас жекпе-жек сайысының үздіктері «Өркен» спорт кешеніне жиналды. Барлығы жақсы дайындалып келген. Әрқайсысының мақсаты – ел чемпионы атанып, әлем біріншілігіне жолдама алу. Жайылған 2 татамиде түрлі тәсілдерді орындап, жеңіске жетуге тырысты.

ЕРМУС МҮСІРКЕНОВ, ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

«Жекпе-жек сайысы» бастапқы да «Қоян қолтық ұрыс» деп аталған. Негізінен бұл еліміздің қарулы күштері мен ішкі әскердің төл спорты. Оны арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлері әскери-қызметтік тәжірибеде тиімді қолданып жүр. Осыдан да болар, жылдан – жылға жарысқа қатысушылар қатары көбейіп келеді. Жекпе-жек сайысының шеберлері болашағын әскери салада жалғастыруды көздейді. Солардың бірі, Бейбарыс Жармұхамбетов. Ол барлық қарсыласын ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.

БЕЙБАРЫС ЖАРМҰХАМБЕТОВ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Бұл жарысқа Алматы қаласының құрама командасы да жақсы дайындықпен келді. Олардың қатарында әлем, Азия чемпиондарымен халықаралық турнирдердің жеңімпаздары жетерлік. Осыданда болар, Алматылық атлеттер біріншілікте ең көп медаль алған ұжым атанды.

МЕДЕТ ҚОЖБАНОВ ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫНАН АЛМАТЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Жарыс қортындысы бойынша Алматы қаласы мен Ақмола, Ақтөбе және Жетісу өңірінің спортшылары үздіктер тізімінен көрінді. Олар енді Өзбекстанда өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған