• 03.08.2021 21:26

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

«Жетісу» әйелдер волейбол командасы жарады!

Byjetysuuser

Қаң 26, 2021

Павлодарда Волейболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 3-ші туры аяқталды. Бұл кезең Жетісулық қыздар үшін сәтті өтті. Алматы облысының клубы барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Осылайшы биылғы маусымда да чемпиондықтан басты үміткер екендігін көрсетті.

Жетісулық волейболшы қыздар Павлодарда ұйымдастырылған 3-ші турда жоспарланған 6 кездесудің орына 10 ойын өткізді. Өйткені, жерлестеріміз Семейде бір ай бұрын өткен 2-ші кегеңге қатыспады. Оған команда сапындағы атлеттердің бірқатары Коронаітнетті жұқтыруы себеп болды.

Керекеу өңірінде спортшыларымыз ұпайдан шашу шығармады. Жетісулықтар чемпионаттағы басты қарсыласы Өскеменнің «Алтайымен» екі рет жолығып, екеуінде де тамаша дайындық деңгейін көрсетті. Бірінші ойында Алматы облысының өкілдері Өскемендіктерді 3те 1 есебімен жеңді. Тартысқа толы болған екінші кездесуде де Талдықорғандық ұжым білгенінен жаңылған жоқ. Нәтижесінде Жетісу жеңіс тойын тойлады

РАШИД ПАРМАНОВ
«ЖЕТІСУ» ӘЙЕЛДЕР ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жетісу клубы Алтайға 1-ші турдағы кеткен есесін, осы жолы толығымен қайтарды. Қыздар нағыз командалық бірлікті, жігер мінезді көрсетті. Осының арқасында дегендеріне жетті. Өйткені Жетісулыдқтар 3-ші турда демалыссыз ойнады. Біздің әлі Алтайдан екі ойынымыз кем. Қуаныш және Алтай-2-ні жеңсек, топ басына шығарымыз сөзсіз.

Биыл «Жетісу» әйелдер волейбол командасының құрылғанына 20 жыл толады. Осыған байланысты клуб ойыншылары ел чемпионы атанып, тамаша тарту жасауды көздеп отыр. Оған барлық мүмкіндік жасалған.

РАШИД ПАРМАНОВ
«ЖЕТІСУ» ӘЙЕЛДЕР ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алматы облысы волейбол федерациясының президенті Жетісу командасының алдына ел чемпионы болу талабын қойып отыр. Спортшылардың алаңсыз дайындығына барлық жағдай қарастырылған. Өткен жылы біздің қыздар чемпион болды. Биылда сол мақсатқа жетсек, клубтағы кей бір ойыншылардың санаттық дәрежесі өсіп, спорт шебері атанады.

Қазір Жетісу командасы ел чемпионатындағы 4-ші турға дайындықты бастап кетті. Ол кезең ақпан айында Петропавл қаласында жалауын желбірететін болады. Онда үздік шыққан 4 команда, плей -ооф бәсекесіне жіберіледі. Бұл шешуші тур наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтіп,жеңімпаздармен жүлдегерлер анықталады.

Автор: Жарқын Нұрланұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған