• 08.05.2021 09:21

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Биатлоннан жетісулық атлеттердің әлем чемпионатына баруға мүмкіндігі зор

Byjetysuuser

Қаң 23, 2021

Биатлоннан Алматы облысының жастар құрама командасы Қазақстан чемпионатына дайындықты бастап кетті. Қазір олар Талғар ауданындағы «Алатау» қысқы спорт кешенінде жаттығып жатыр. Жерлестеріміз үшін ел біріншілігі маңызды жарыс. Бұл бәсекеде топ жарғандар әлем чемпионатына жолдама алмақ.

Жастар арасында өтетін Қазақстан біріншілігінде Жетісулық биатлоншылар командалық есепте жүлдегер атануды мақсат еткен. Ел чемпионаты ақпан айының 8-14 күндерді нақ осы «Алатау» қысқы спорт кешенінде жалауын желбіретпек. Жерлестеріміз аптаның 6 күнінде жаттығу алаңына шығып, мылтық атады. Әрбір дайындық сайын шаңғымен 25-30 шақырым жүгіріп, шеберлігін шыңдайды. Атлеттер жаттығу болса да барын салады. Өйткені, барлығының арманы ел ішілік жарыста топ жарып, әлемдік додада өнер көрсету.

ВЛАДИМИР СМИРНОВ
ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ БЖСМ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
Алматы облысының қыздар құрамасының тізімінде Генева Милана, Пивоварова Надежда және Чупик Янаға сенім артамыз. Олар бұған дейінде ел біріншілігінде чемпион атанып, жүлдегер болды. Кезекті Қазақстан чемпионатында да білгенінен жаңылмайды деп ойламын. Өткені, қазір нағыз бабында. Әлем біріншілігіне қатысуға біртабан жақын тұр.

Былтыр желтоқсан айында өткен Қазақстан кубогында Алматы облысының командасы 2 алтын, 5 қола медаль жеңіп алды. Жетісулықтар қоржынына түскен қос бас жүлде де Надежда Пивоварованың еншісінде. Ол Мастартпен 12 жарым шақырымға созылған жекелей сында алдына жан салмады. Биылда осы қашықтықтарда топ жаруды көздеп отыр. Сонымен қатар, спринтпен эстафетада бақ сынап, үздік шығуды жоспарлап қойған.

НАДЕЖДА ПИВОВАРОВА
БИАТЛОННАН СПОРТ ШЕБЕРІ:
Биатлон спортында жеңіске жету үшін мытлықтан атқан оғың нысанаға дәл тиіп, шаңғыда жақсы жүгіру керексіз. Сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Мен қыздар арасында 3 әлем чемпионатында өнер көрсеттім. Биыл 4-ші рет ел намысын қорғауды жоспарлап отырмын. Дайындығым жақсы. жүлдегер болуға тырысамын

Мамандар ерлер арасында Ержанат Қуандыққа сенім артады. 20 жастағы атлет биатлонмен 3 жылдан бері тұрақты түрде айналысады. Былтыр Қазақстан біріншілімен кубогында спринт және аралас эстафетада қола жүлдегер атанды. Ол шаңғымен жүгіруде жақсы нәтиже көрсетеді. Тек мылтықтан атуда мүлт кетіп жатады. Сондықтан жаттығуда нысана көздеуге аса ден қойған

ЕРЖАНАТ ҚУАНДЫҚ
БИАТЛОННАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:
Ридердағы Олимпидалық резервтегі спорт-интернатқа түстім. Сол жерде жаттығып бастағам. Биалтонмен айналыстым. Соңғы жарыстарда жақсы жүгірдім. Басында бірден шыға қоймайды. Нәтиженың барлығы ақырындап қалыптасады. Соңғы жарыыстарда ҚР үштігіне қыре бастадым. Осы жылға келе жатқан жарыстардың барлығында жақсы жүгіріп, 3-тікке кіруге тырысам. Менің жақсы көретін қашықтығым ол 15 км. Сосын 12 жарым. мастартпен жекелей жарысты жақсы көрем

Алматы облысының жастар құрама командасы Қазақстан біріншілігіне қызу дайындылып жатыр. Чемпион атанғандар әлем чемпионатында ел намысн қорғайтын болады. Дүниежүзілік жарыс Австрияда ақпанның 28 күні жалауын желбіретеді.

Автор: Жарқын Нұрланұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған