• 03.08.2021 20:08

JETYSUSPORT.KZ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТЫМЕН СПОРТШЫЛАРЫ ЖӘЙЛІ-АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ

Жетісулық спортшылар былтыр 850-ден аса медаль жеңіп алды

Byjetysuuser

Қаң 20, 2021

Жетісулық спортшылар Тышқан жылды табысты аяқтады. Жерлестеріміз Қазақстан біріншілігімен әлем және құрлықтық жарыстардан 853 медаль жеңіп алды. Оның 300-ге жуығы алтын. 20 атлет халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. 124-і спорт шебері нормативін орындады. Бұл республика бойынша үздік көрсеткіш. Өңірлік баспасөз алаңында журналистермен кездескен облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев осылай деді. Өткен жылы жерлестеріміз Токио Олимпиадасына 8 жолдамаға ие болды. Биыл олардың санын 15 – ке жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар,Паралимпиада, қысқы және жазғы Бүкіләлемдік универсиада, Азия ойындарымен мен әлем біріншіліктері күн тәртібіне енген. Оған қатысатын атлеттердің дайындығына ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі күні 11 дене шынықтыру, сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Биыл олардың қатары тағы 5 орталыққа артпақ. Әлемдік стандартқа сай су бассейіні де қолданысқа берілмек.

 
Нұрбақыт Теңізбаев

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ауылды жерлерде де кіші спорт кешендерін салу жоспарланып отыр. 127 ауылға Street Workout алаңдарын салу жоспарланған. Қаражаты бөлініп, бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын ұстануға жағдайлар көрсетіліп отыр. Жетісу өңірі спортпен шұғылдануға ыңғайлы, таулы аймақ. Көлдесе көлі, таудесе тауы бар. Сондықтан оқу жаттығу жиындарын жақсы деңгейде өткізді деп ойламын. 2021 жылдары үлкен жарыстар жоспарда тұр. Спортшыларымыз соған жақсы дайындықта деп ойлаймын.

Авторы: Жарқын Нұрланұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған